БІРҚҰДАЙШЫЛЫҚ (Таухид)

БІРҚҰДАЙШЫЛЫҚ (Таухид)

1,000 - 5,000 다운로드

앱에 목록 추가
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Өзінің дінін басқа діндердің барлығынан үстем ету үшін Елшісін тура басшылық және хақ дінмен жіберген Аллаһқа барлық мақтау-мадақтар болсын. Серігі жоқ Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне және Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін.

Ал содан соң:

Назарларыңызға «Балаларға Ислам туралы» сериясынан балаларға арналған «БІРҚҰДАЙШЫЛЫҚ (Таухид)» атты оқыту құралын ұсынамыз. Оқыту құралы араб тілінен аударылған алты оқу жылына арналған алты кітаптан тұрады. Орыс тіліне аударған Дамир Хайруддин. Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.
Аталмыш оқу құралы Исламның ең басты және ең маңызды тірегі болып табылатын бірқұдайшылыққа арналған. Құралдың бірегейлігі мен жаңалығы ол осы тақырып бойынша қазақ тіліндегі ең алғашқы балаларға және ата-аналарға арналған жинақ болуында. Алты оқыту жылына арналған бұл құралдың мақсаты балалардың бойында бірқұдайшылық пен ақида негіздерін қалыптастыру болып табылады. Құралдың әрбір кітабы өзінің құрамына қаралатын тақырыптың негізгі мәтінін қамтитын сабақтарды, тақырыптық сөздіктерді, түсіндірмелерді, пысықтауға арналған жаттығулар мен қайталауға арналған тапсырмаларды қамтиды. Қазақ тіліндегі аударма мәтіні араб тіліндегі мәтінмен қоса берілгендіктен, құралдың материалын қосымша оқу жүйесінде, сондай-ақ дербес түрде араб тілін үйренуде пайдалануға болады.

БІРҚҰДАЙШЫЛЫҚ (Таухид)에 대한 의견 및 평가 등급

  • 아직 의견이 없습니다. 처음으로 의견을 게시하세요!